Бұқаралық ақпарат құралдары жастарды Парагвайдағы орман мен Үндістандағы қалаларды қорғауға құлшындырады

Жастар аудиториясына арналған Парагвайдағы тартымды оқиғалар құрып бара жатқан орманның бір бөлігін сақтап қалды. Сөйтіп дүниежүзілік «Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары» сыйлығының «Ғаламшар» саласы бойынша 2019 жылғы жеңімпаз атанды. Үндістан мен Дания медиасының туындылары да атап өтілді.

 

Дүниежүзілік «Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары» сыйлығының (Global Youth and News Media Prize) «Ғаламшар» (The Planet Prize) саласы  бойынша еңбектер жастарға біздің планетаға саналы түрде қарауға ықпал ететін ақпарат алуына көмектеседі. Сондай-ақ БАҚ пен жастар арасындағы ықпалдастықты күшейтіп, бір мезетте журналистканың қоғамдағы рөлін арттырады.

 

Парагвайдағы «Эль-Суртидор» цифрлық жаңалықтар агенттігінің командасы Гран-Чакос орманының әр минутта бір гектар аумақтан қалай айрылып жатқанын баяндады. Команда «sckrollytelling»  үлгісіндегі мобильдік контенттен бастап, өзінің видеосюжеттерінде түрлі әдіс-амалды пайдаланады. Содан соң бейімделген элементтер бірнеше арнамен – плакаттар Твиттерде, аватарлар Фейсбукте, видоероликтер қалалық көліктерде таратылды.

 

Жастар аудиториясының кең қамтылуы ел президентін орман алқабының азаюына тосқауыл қоюға ықпал етті.

Байқаудың жюри мүшелері атап өткендей, бұл жобада бәрі бар. Ол жастар бетпе-бет келетін жергілікті ерекшелікті ескереді. Жастар азаматтық қоғамын белсенді әрекетке көшіріп, орманды қорғауға бағыттайды. Өте сәтті жасалған.

 

Үндістандағы «Дайнек Ягран» газеті күміс жүлдені иеленді. Басылым жас үнділерді тұншыққан қалаларды құтқаруға шақырды. Ал Данияда орналасқан «Жас репортерлер қоршаған орта үшін» халықаралық бағдарламасы азаматтық мультиплатформалық эко-журналистикаға әлемнің 38 еліндегі 340 000 жасты тарта білді. Оның бұл еңбегі айрықша атап өтілді.

 

«Ғаламшар-2019» сыйлығымен марапаттау рәсімі 23 мамырда Қазақстанның Алматы қаласында Еуразия Медиа Форумы аясында өтеді. Форум жыл сайын бүкіл әлемнен 600-ден астам делегат қатысатын пікірсайыс алаңы болып табылады.

 

«Еуразия Медиа Форумы» «The Planet Award-2019» сыйлығын қуанышпен қабылдады. Айта кету керек, The Planet Award Дүниежүзілік «Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары» сыйлығының бір бөлігі Сыйлық жастарды тартуға және жас аудиторияға көмектесу мақсатымен инновацияны тиімді түрде енгізетін әлемдегі БАҚ-тың еңбегін атап өті үшін тағайындалған. Сыйлыққа «News-Decoder» платформасы, еуропалық журналистика орталығы және Google  Жаңалықтар бастамасы сияқты халықаралық ұйымдар қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, Global Youth and News Media Prize-2019 екі негізгі  «Журналистика» және «Медиа сауаттылық» номинацияларын қамтиды. Жеңімпаздар биылғы қараша айында Парижде өтетін NewsXchange  конференциясында мараптталады. Бұл нминациялар бойынша байқау 2019 жылғы 1 маусымда басталып, 25 маусымда аяқталады.

 

Жеңімпаздар мен байқаудың алдағы кезеңі туралы сыйлықтың  www.globalyouthandnewsmediaprize.net  ресми сайтынан толығырақ біле аласыздар.

 

Қосымша ақпарат үшін:

Сыйлық штабының өкілдері

д-р Аралин Макмейн  +33 610123006

Джо Вейер +44 7990565872

Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.