Елена Афанасьева

Бірінші арнаның креативті жоспарлау директоры
Елена Афанасьева Ресейдегі аудиторияның 99%-ын қамтып отырған аса ірі федералдық телеарнаның креативті жоспарлау жағын басқарады. Бірінші арна мектебінің негізін қалаушы әрі директоры. Сондай-ақ, «Эхо Москвы» радиостанциясындағы телевизия туралы ең танымал «Телехранитель» бағдарламасының жүргізушісі. Бұл радиохабардың шыққанына 15 жыл болды. Ол президенттермен, саясаткерлермен, ТВ, кино, спорт жұлдыздарымен, медиаиндустрия басшыларымен және қоғамдық пікір айтушылармен мыңдаған сұхбат жасады. Еуропа хабар тарату одағының (EBU) қолдауымен Экономика жоғары мектебінің коммуникация, медиа және дизайн факультетінде, сондай-ақ, «Территория роста» бизнес-форумдары мен Сбербанктің «Іскерлік мектеп» (Деловая среда) бизнес мектебі үшін тренингтер мен курстар өткізеді. Афанасьева – Ресей телевизия академиясының мүшесі. 30-дан астам танымал телебағдарлама мен сериалдардың авторы әрі продюсері. Ресейдегі және халықаралық бірнеше телевизиялық байқаулардың, соның ішінде ТЭФИ-дің қазылар алқасының тұрақты мүшесі. Кең таралған романдардың, ТВ мен медиа туралы блогтардың және «ТВ-ға қалай баруға болады?» (Как попасть на ТВ) бестселлерінің авторы.