Хасмин Акунья

El Surtidor агенттігінің тең құрылтайшысы және редакторы
Журналист, тележүргізуші Хасмин Акуния – El Surtidor тәуелсіз ақпарат агенттігінің тең құрылтайшысы әрі редакторы. Ол бұл агенттікті Парагвайда ниеттес жандармен бірге төрт жыл бұрын құрған. El Surtidor визуалдық журналистикаға бейімделген. Онда адам құқығына, гендерлік саясатқа, қоршаған орта мен технологияға қатысты мәселелер кеңінен қамтылады.