Джеймс Вулси

Елші, Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры
АҚШ үкіметінде 12 жыл ішінде екі рет республикашылдар кезінде, екі рет демократтар кезінде бес түрлі қызмет атқарған. 1993-1995 жылдары Орталық барлау басқармасының директоры болды. Мемлекеттік қызметте жүрген кезінде Еуропадағы қарулы күштер жөніндегі келіссөздерде елші, әскери теңіз күштерінің вице-министрі, АҚШ Сенаты қарулы күштер кимитетінің жанынды бас заң кеңесшісі болып істеген. Стратегиялық қару-жарақты қысқарту жөніндегі кеңес-америка келіссөздері мен ядролық және ғарыштық қарулану жөніндегі келіссөздерге қатысты.