Александр АКСЮТИЦ

«Salem Social Media» бейнеөнімдер студиясының бас директоры
Еңбек жолын «Оңтүстік астана – Алматы», «31 арна» және «Хабар» телеарналарындағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың тілшісі, редакторы болып бастады. Сегіз жыл бойы президент пулының журналисі болды. Тұңғыш тәулік бойғы жаңалықтар телеарнасы – «24kz-ті» (қазіргі «Хабар 24») құруға атсалысып, оны үш жыл бойы басқарды. Президент әкімшілігінде жұмыс істеп, «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне жетекшілік етті. Аксютиц бір жыл бұрын елімізде жаңадан құрылған «Salem Social Media» компаниясын басқаруға кірісті. Компанияның негізгі бағыты – бейнероликтер жасап, оларды танымал әлеуметтік желілер мен видехостингтерге тарату.