×

Ошибка

Форма #7 не существует или не опубликована.
Пятница, 22 Апрель 2016 13:40

Дариға Назарбаева: ХIV Еуразия Медиа Форумы 2017 жылғы 22-23 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» алаңдарының бірінде өтеді.

 

Астанада ХIII Еуразия Медиа Форумы өз жұмысын аяқтады. ЕАМФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева форумның жұмысын қорытындылай келе кезекті конференцияның «Астана ЭКСПО-2017» алаңдарының бірінде өтетінін хабарлады.

 

Д. Назарбаева «Өздеріңізге мәлім, алдағы жылы Қазақстан дүниежүзілік халықаралық көрме өткізеді. Мен келесі 14-ші Еуразия Медиа Форумының «Астана ЭКСПО-2017» алаңдарының бірінде өтетінін қуанышпен хабарлаймын. Алдағы жылы барлығыңызды осында көргім келеді» деді.

 

ЕАМФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы биылғы конференцияның жұмысын қорытындылай келе, спикерлерге қызықты әрі сындарлы пікірталас үшін ризашылығын білдірді. Дариға Назарбаеваның пікірінше, қазіргі заманда өтіп жатқан жайсыз оқиғалар өркениеттер қақтығысының көрінісі емес. Түрлі өркениеттердің бір-біріне үйренісуі мен бейімделуі.

 

«Бұл ауыр әрі ұзаққа созылатын үрдіс. Адамзат өркениеті ортақ үйлесім, өзара түсіністік, бейбітшілік соқпағына түскенше, бәлкім, бірнеше ұрпақ ауысуы да мүмкін. Адамзаттың басқа жолы жоқ. Дуалды тұрғызу емес, құлату керек. Бірде бір ел оқшау өмір сүре алмайды. Әсіресе сандық коммуникация мен интернет адамдарды жақсы өмір сүруге ынталандырып жатқан қазіргі заманда. Бұл үкіметтерді табыстың жаңа көзін тауып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мәжбүрлеуде» деді Д. Назарбаева.

 

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы сондай-ақ форумды өткізуге көмектескендерге, соның ішінде, демеушілер мен серіктестерге алғысын білдірді.

 

Естеріңізге салайық, ХIII Еуразия Медиа Форумының Бас демеушісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болды.