ШЕБЕРЛІК САБАҚТАР
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
бірінші күн
екінші күн
үшінші күн
бірінші күн
1 күн
екінші күн
2 күн
үшінші күн
3 күн
Дижатал-дағы ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР: ТИІМДІ ҚҰРАЛДАР ЖӘНЕ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР
Спикер
Бексұлтан Қазыбек
digital продюсер, JKS Entertainment агенттігінің басшысы, Қазақстан
СТОРИТЕЛЛИНГ: Бейкоммерциялық ұйымдар мен әлеуметтік сторителлинг үшін видео материалдар құру
Спикер
Клементин Мальпас
Деректі киноның авторы, Ұлыбритания
СЫНИ ОЙЛАУ НЕЛІКТЕН СОНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
Спикер
Салах Халил
Macat International компаниясының негізін қалаушы және басшысы, Мысыр
ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ БАҚ-Ы. ҚАЗІРГІДЕЙ ЖАҒДАЙДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
Модератор
Саят Жөкен
Журналист, Қазақстан
БОЛАШАҚТЫ ҚАЛАЙ БАСҚАРУҒА БОЛАДЫ?
Спикер
Эндрю Кин
Жазушы, кинорежиссер, АҚШ-тың Силикон алқабындағы цифрлық революция бойынша сарапшы, АҚШ
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР-МЕДИАНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Спикер
Сергей Становкин
Еуропа Жаңалықтар Академиясының Бағдарламалық директоры, Ұлыбритания
ЖАҢА БЕТБҰРЫС: АУҒАНСТАНДАҒЫ ОҚИҒАЛАР ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТУІ МҮМКІН?
Модератор
ҚАЙРАТ ӘБУСЕЙІТОВ
Халықаралық бағдарламалар
орталығының жетекшісі
Нұрсұлтан Назарбаев
DIGITAL ME: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ОТЫРУ ӘДЕТІНЕН АРЫЛЫП AI ЖӘНЕ СИНГУЛЯРЛЫҚҚА КІРІГУГЕ ДЕЙІН
Спикер
Евгений Черешнев
Цифрлық және жаңа бизнес бойынша атқарушы вице -президент, «VimpelCom» ЖАҚ, Ресей
Спикер
Ольга Шаратута
RedMe әлеуметтік бағытталған маркетинг агенттігінің негізін қалаушы және жетекшісі, Ресей
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЫҚТЫ БРЕНДТЕРІН ҚҰРУ. ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИАНЫҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
Модератор
Ильмурад Джумаев
Бас директор, Vi Қазақстан
бірінші күн
1 күн
екінші күн
2 күн
үшінші күн
3 күн
ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СЕССИЯ
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы - бұл ірі экономикалық және саяси реформаларды, цифрландыруды және экологиялық проблемаларды шешуді анықтайтын маңызды кезең. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған күн еліміздің бүкіл тарихын тұтас қамти отырып, оның өткенін, бүгіні мен болашағын мәңгі байланыстырады. Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған сессия - бұл өткен отыз жылға талдау жүргізу және тұрақсыз әлемдегі тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ жасампаздыққа деген ұмтылысты құрайды. Қазақстанның қандай шешімдері басқаларға үлгі бола алады? Негізгі сұрақтарға жауаптар.
Модератор
Риз ХАН
Журналист, «Риз Хан продакшнс» компаниясы, АҚШ
№ 2 СЕССИЯ. ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
ПАНДЕМИЯ ӘЛЕМДІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТТІ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨМІР СҮРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАДЫ?!
Коронавирус пандемиясы бүгінгі геосаяси және әлеуметтік мәселелерді ушықтырып, әлемдік экономикаға орасан зор зиян келтірді. Пандемия мемлекеттерді өз азаматтарының пайдасы үшін тез шешім қабылдауға және бірден бейімделуге мәжбүр етті. Осылай бірінші кезекте ішкі мәселелерге назар аудару елдерді бір-бірінен алыстатып барады. Дипломатиялық байланыстардың нашарлауы, саяси бәсекелестік пен күдік, басқа елдердің мүдделерін ескермеу және олардың ішкі саясатына араласу жаңа қырғи қабақ соғысқа әкелді. Бұл жердегі суық қару қызметін ақпарат пен санкциялар атқаруда. Шекаралардың жабылуы, қозғалысқа тыйым салу сынды шектеулер адамдар арасындағы ғана емес сонымен қатар халықаралық қатынастарға да кері әсер етті. Күтпеген жерден, барлығы үшін әлем өзгеріп сала берді және енді ол ешқашан бұрынғыдай болмайтын шығар. Әрі қарай не болады?
Модератор
Райан ЧИЛКОТ
PBS NewsHour арнайы марапаттар иеленген тілшісі, Bloomberg Television және CNN түлегі, АҚШ
АҚПАРАТ КӨП - ШЫНДЫҚ АЗ
Бүкіл әлем бойынша шығарылатын контент саны көз ілеспес жылдамдықпен өсуде. Ғаламтордағы мақалалар, жаңалықтар, Facebook-тегі жазбалар тіпті қысқа tik-tok бейнетүсірілім де көрерменнің назарын жаулап алу үшін жасалуда. Мазмұны жұтаң бола тұра атауы айқалаған тақырыппен шығатын материалдар оқырман мен көрерменнің медиа индустрияға деген сеніміне селкеу түсіруде. Бұл ретте сапаның төмендеуі үлкен мәселеге айналды. Шындық пен жалғанның аражігін ажырату барған сайын қиындай түсуде. Бұқаралық ақпарат құралдары өздеріне деген сенімді қайтару үшін күресуге дайын ба?
Модератор
Али Аслан
Тележүргізуші және журналист, Германия
ЖАСЫЛ СТРАТЕГИЯ. ТАҒЫ БІР СОҢҒЫ МҮМКІНДІК
Адамдардың өмір сүруін жеңілдететін техникалық жетістіктер мен жаңалықтардың ашылуы экологиялық жағдайдың нашарлауына себеп болуда. Зиянды газдардың атмосфераға таруы, температураның көтерілуі, құрғақшылық, орман өрттері елдер күш біріктіре отырып шешуі тиіс жаһандық проблемаға айналды. Шешімді қадам жасауды кейінге қалдыру жағдайды тіптен ушықтыра түседі. Бұл мәселені шешуде адамзаттың мүмкіндігі бар ма?
Модератор
Курт Дебеф
«EU Observer» интернет басылымының бас редакторы, Бельгия
бірінші күн
1 күн
екінші күн
2 күн
үшінші күн
3 күн
№5 СЕССИЯ. САЯСАТ / СОЦИУМ
АШУШАҢДЫҚ ДӘУІРІ.
ӘЛЕМДІ БИЛЕП ТҰРҒАН КІМ?
Дүниежүзілік экономикалық форум дайындаған баяндамада цифрлық алшақтық пен цифрлық қуаттың белгілі жерде шоғырлануы күрделі проблема ретінде анықталды. Көптеген сарапшылар бұл оймен толықтай келіседі. Жаңа технологиялар қылмыс, өшпенділікті қоздыру, жалған ақпарат тарату және адамдарды азғыру үшін қолданылады. Кәсіпорындар мен үкіметтер технологиялық прогреске зиян келтірместен цифрлық қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жаңа серіктестіктерді іздеуі керек.
Модератор
Рауан Кенжеханұлы
“Bilim Media Group” компаниясының бас директоры, Қазақстан “Bilim Media Group” компаниясының бас директоры және “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қорының атқарушы директоры, Қазақстан
МЕДИА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. 2021 ТРЕНДТЕРІ
Өткен жыл үйреншікті ойын ережелерінің мәнін өзгертті. Reuters Institute жүргізген сауалнама бойынша, медиаиндустрия басшыларының 76%-ы, пандемия цифрлық технологияларға қатысты жоспарларын жеделдете түскенін мәлімдеген. Алдағы уақытта контент пайдаланушылары оқиғаға терең «бойлап», қатысушылармен вербалды және визуалды байланыс орнатады, тіпті сол оқиғаның бір бөлігіне айналады.
Әрі қарай қозғалу үшін кроссплатформалық контент, арнайы ұсыныстар әзірлеу және жаңалықтар чатботтарын құрумен байланысты эксперименттер жасап отыру міндетті. Медиаландшафтқа дрондар, тасымалданатын құрылғылар, виртуалды және қосымша шынайылық ықпал етеді. Біз әр процеске тікелей қатысуды қалайтын боламыз – технологиялар мұны қамтамасыз етеді. Жаңа «алтын дүрлікпесі» басталуда: осы нарықтан орын алу үшін, медиа бүгіннің өзінде 2030 жыл және одан әрі қарайғы уақытты көздеп жұмыс істеуі тиіс. Футурологтар медиада жұмыс істейтіндерге журналистика бойынша хрестоматияларын шетке ысырып, бағдарламалау туралы оқулықтарды қолға алуға кеңес береді.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ БІЛІМ
McKinsey Global Institute (MGI) мәліметтері бойынша автоматтандырудың салдарынан 2030 жылға қарай 400 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл әлемдегі барлық жұмыс орындарының 15% құрайды. Қазірдің өзінде ересек жастағы еңбек адамдарының онлайн-білімге деген сұранысы артқан. Демек, білім беру үздіксіз, ықшам, мақсатты болып, жаңа формаға көшетінін аңғартуда. Бұл дегеніміз уақыт өткен сайын еңбек нарығында бәріне орын жетіспейтін білдіреді. Үкімет пен корпорациялар сұранысқа ие емес мамандарға қалай қолдау көрсетуі тиіс?
Модератор
САЯСАТ НҰРБЕК
BTS Education компаниясының директоры, Қазақстанның жаңа мамандықтар атласы жобасының жетекшісі, National Geographic Kazakhstan еркін ерік елшісі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Қазақстан
БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСҚАН ӘЛЕМ
Адам әлемді жаңа идеялар және технологиялармен өзгерте отырып өзіде өзгеруде. Адамдар қиялында болашақ жарқын түстермен боялған, игіліке толы және теңдей мүмкідікке ие сонымен қатар технологиялық жетістікке толы жобалар түрінде елестейді. Шындық сол әлемде технологиялардың дамуы әр түрлі қарқынмен жүруде. Бұл бай және кедей мемлекеттер арасын алшақтатуға әкелуі мүмкін. Біз оны өзімізге қолайлы етуге қауқарлымыз ба?
Модератор
Ляззат Шатаева
Журналист, Қазақ телеарнасының жүргізушісі, Қазақстан
бірінші күн
1 күн
екінші күн
2 күн
үшінші күн
3 күн
Құрметті қатысушылар
Форумға қатысу үшін Сіздің вакциналау паспортыңыз немесе 72 сағат бұрын уақыттан кеш жасалмаған ПЦР-тестілеу бойынша теріс нәтижелі сертификатыңыз жаныңызда болуы тиіс. Қауіпсіздік мақсаттарында Форум індетке қарсы нормалардың барлығы сақталумен өткізіледі. Барлық қатысушылар ғимаратқа Ashyq қосымшасымен кіргізіледі. Өтінеміз, шараға келмес бұрын Ashyq қосымшасын жүктеп алыңыз. Қатысу ережелері туралы толық ақпаратты
info@eamedia.org бойынша жазып ала аласыз.