Ол өзінің еңбек жолының басым бөлігін қақтығыстар мен соғыстарды бастан кешіріп отырған елдерде өткізіп, шығармаларын өмірі түбегейлі өзгеріске ұшыраған тағдырлардың тарихы жайлы жазуға арнады. Ол өзінің Ауғанстандағы әйелдер түрмесі туралы фильмінің арқасында жазықсыз екі нәзік жан иесінің бостандыққа қол жеткізуіне жәрдемдесті. Олардың бірі зорлауға байланысты түрмеге жабылған болатын, Клементиннің араласуының арқасында ол Президенттік кешірімге ие болды.
TigerNestFilms компаниясының негізін қалаушы ретінде Клементин NetFlix, CNN, PBS, AlJazeera және Channel 4 сияқты бірқатар халықаралық хабар тарату компаниялары үшін деректі және қысқа мерзімді хроникалық фильмдер түсіреді.
2013 жылы Ангелина Джоли TigerNestFilms кинокомпаниясына оның жұмысын БҰҰ босқындар жөніндегі Агенттігінің (БҰҰ БЖКБ) Арнайы өкілі ретінде түсіру ұсынысымен шыққан болатын. Олар бірлесе отырып, Сириядан, Ирактан, Бирмадан, Оңтүстік Судан мен Конго Демократиялық Республикасынан келген босқындардың қатысуымен жетеуден артық фильм жасап шығарды.
Анненберг қорының тапсырысы бойынша босқындар қозғалысын сипаттайтын деректі түсірілім кезінде "Оскар" сыйлығының лауреаты, актриса Кейт Бланшет және Том Стоддарт пен Линси Аддарио сынды танымал фотографтармен бірге жұмыс істеген. Бұл картина бес құрлықтағы босқындармен болған оқиғаларды бақылауға арналған. Аталған картина NetFlix платформасында шығарылған және 2017 жылы Ньюпорт Бич кинофестивалінде қазылар алқасының сыйлығын иеленді.
Клементиннің Италияға жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлі түрде жіберілген Нигериядағы әйелдер туралы фильмі 140 елден қатысқан бәсекелестердің алдында бәйгеге ие болып, 2017 жылы SocialImpactMediaAward сыйлығына лайық деп танылды. Guardian газетіне түсірілген бұл таспаның сюжеті Асти, Сицилияда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған мыңдаған әйел мен қыздардың ауыр тағдырына арналған.
Сонымен қатар, Клементин түрлі халықаралық гуманитарлық ұйымдармен, соның ішінде ЮНИСЕФ, Оксфорд ашыққандарға көмек комитетімен ("Oxfam"), Ага Хан қорымен, "WorldVision" ұйымымен және Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық жасады.