Біріншіден бұл панельдік сессиялар шеңберіндегі делегаттардың кездесуі. Онда өзекті мәселелер талқыланатын шеберлік сабақтар сонымен қатар дөңгелек үстелдер өтеді. Олардың қатысушылары салалық және аймақтық мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөліседі
Осы жылдар ішінде EAMФ спикерлері қатарында түрлі саланың көрнекті мамандары, танымал саясаткерлер мен мемелекет басшылары болды. Олар атап айтсақ Иран Ислам Республикасының экс-Президенті Мохаммад Хатами, Ауғанстанның 12-ші Президенті Хамид Карзай, американдық дипломаттар Ричард Холбрук және Ричард Перл, АҚШ-тың бұрынғы конгрессмені, демократтардың басқарушы кеңесінің төрағасы Гарольд Форд, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро, Грецияның экс-туризм министрі және парламент депутаты Ольга Кефалоянни, британдық футуролог Рэй Хаммонд, АҚШ-тың 45-ші Президентінің аға кеңесшісі (2017) Стив Бэннон, Эстония Президенті (2006-2016) Томас Хендрик Илвес, танымал журналистер Владимир Познер, Максим Шевченко, Михаил Леонтьев, Софико Шеварднадзе, Питер Лавелле, Паула Слир, Стивен Коул, Ник Гоинг, ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің басшылары Виталий Игнатенко және Михаил Гусман, жазушы Шыңғыс Айтматов, НАТО Жоғарғы Бас қолбасшысы (1997 - 2002), генерал Уэсли Кларк, Ресей Федерациясының бұрынғы премьер-министрі Евгений Примаков, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир, VICE жаңалықтарының шетелдік бөлімінің бастығы кабельдік және спутниктік теледидарлық желі HBO Норин Джамил, американдық Роджер Фиск, саяси стратег, президент Барак Обаманың екі сайлау науқанының басты кеңесшісі, BBC жаңалықтарының редакторы, Эмми жеңімпазы Гэвин Хьюитт, продюсер, режиссер, Оскар үміткері Евгений Афинеевский және басқалар.
Еуразиялық медиа форум 19 жыл бойына өзінің дәстүрін қатаң ұстап келеді. Қонақтар мен қатысушылар еуразиялық бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен ашық диалогқа жиналады. Оның даму векторы мен ақпараттық күн тәртібі халықаралық коммуникациялық платформамен белгіленеді. 2021 жылы 17-ші форумның басты миссиясы өзгеріссіз - елдер мен континенттер арасында сенімділік атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ бүкіл планета үшін қиын уақытта этносаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау.